«Мен сізді биге шақырғым келеді…»

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында облысымыздың мәдениет ошақтары мен өнер ордаларында мерекелік лептегі, көпшіліктің көңілін марқайтар керемет шаралар ұйымдастырылуда.

Солардың санатында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұйытқы болуымен халық шығармашылығы орталығында өткізілетін «Мен сізді биге шақырғым келеді» атты кешті атауға болар еді.

973235d5-4e89-4574-82ca-db45c6bc0197

Филармония директорының орынбасары Арғын Құлмановтың айтуынша, оған қатысушылар негізінен әуесқой хореографиялық ұжымдар екен. Сонымен қатар, би кешіне келген көрермендер аты атыраулықтарға, қалаберді Қазақ еліне әйгілі «Інжу-Маржан», «Жайық қызы» және «Камелия» сынды танымал кәсіби ансамбльдердің де өнерін тамашалай алады.

6a15725c-bb22-495a-955c-b093602ac63a

Оған қоса, бұл күні мың бұралған бимен бірге әсем де әуезді әндер (оның ішінде халық әндері де бар) шырқалып, шараның шырайын келтіреді.

afbf6af8-95bc-4a1d-be66-ec20f8c3c6fd

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT