Жақында бокстан 2006-2007 және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Атырау облысының құрама командасын жасақтауға арналған іріктеу чемпионаты өтті.
Чемпионатта жеті аудан және Атырау қаласынан барлығы 200-ге жуық жас боксшы бақ сынады. Дүбірлі додаға Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 10 спортшысы қатысып, төртеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, Әлихан Қанатұлы 44 келі салмақта және Нұрмұхаммед Алдаберген 52 келі салмақта І орын иеленсе, Ерлан Қайырғожа 50 келі салмақта және Әбдіманап Хайрош 63,5 келі салмақта 3 орынмен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары Әлихан мен Нұрмұхаммед желтоқсан айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Олар 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Атырау облысының намысын қорғайды.
Өз тілшіміз