«Мақат футбол лигасы – 2025»

(0 Votes)

 Орталық стадионда «Мақат футбол лигасы – 2025» облыстық біріншілігінің іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

 Аудан әкімдігінің және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен Мақат кен орнының 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған спорттық шара - жастарды бұқаралық спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.

Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының рухты әні мен биімен басталды.

Шараның алғы сөзін алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жасыл алаңда әділ ойын мен жарқын жеңіс тіледі.

Сонымен қатар, жарысқа белсене қатысып жатқан бірқатар командаларға арнайы алғыс хаттар табыстады.

Айта кетейік, бұл жолғы футбол додасына облысқа қарасты аудандардан 12 команда қатысып, өзара бақ сынауда.

Ашылу салтанатынан кейін маусымашар ойыны ретінде “Мақат” командасы мен “Атырау Орта” блогерлер командасы арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Нәтижесінде “Мақат” командасы жеңіске жетіп, аудан абыройын асқақтатты.

Ж. Қамза

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT