“Makat cup 2025” өз мәресіне жетті

(0 Votes)

 Бүгін Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылған 2013-2014, 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасындағы “Makat cup” кіші аяқ добынан екі күнге созылған облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Турнир қорытындысы бойынша 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасынан атыраулық “Имидж” командасы ІІІ орынға, құлсарылық “Орталық Стадион” командасы ІІ орынға ие болса, жерлестеріміз “Мақат БЖСМ” командасы І орынға ие болды.

Ал, 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер бойынша облыстық турнирдің ІІІ орынын “Мақат БЖСМ” командасы, ІІ орынды құлсарылық “Орталық Стадион” командасы, І орынды махамбеттік “Махамбет БЖСМ” командасы иеленді.

Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасынан Арсен Кубиев “Үздік қорғаушы”, Дәулет Рысбай “Үздік қақпашы”, Амир Сағидулла “Үздік ойыншы” атағына ие болды.

Сондай-ақ, 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Абдулазиз Қайрат “Үздік қорғаушы”, Нариман Бозай “Үздік қақпашы”, Ақниет Лес “Үздік ойыншы” атанды. Ойын соңында барлық командалар аудан әкімінің дипломы және кубок, медальдармен марапатталды.

Ботакөз Асхатқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT