Мақаттық «Еркем-айдың» алар асуы алда

(0 Votes)

Мұнайлы ауданымыз тарихы тереңінен сыр шертетін, қайталанбас мол мұрасы бар, сан қырлы өнерлілерді тоғыстырған киелі өлке.

Ал, ауданның мақтанышына айналған «Еркем-ай» үлгілі би ансамбілі – би әлеміне қанат қаққан бірден-бір кәсіби өнер ұжымы. Би өнерін насихаттау, қазақ ұлттық биінің бояуын жоғалпау, заманауи талаптарға сай қазақ биін жаңаша көркемдеу және келешекке би өнерінің деңгейін сақтап қалатын мамандарды тәрбиелеу – бұл ұжымның басты мақсаты.

«Еркем-ай» үлгілі би ансамблі 2002 жылдың қаңтар айында Доссор мәдениет үйі жанынан Ақмарал Жұмағалиеваның жетекшілігімен құрылған болатын. Облыс, аудан көлеміндегі мәдени-көпшілік шараларда өнер көрсетіп, ерекше ықыласқа ие болып жүрген өнер ұжымына 2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі шешімімен «Үлгілі өнерпаз ұжымы» атағы беріліп, күні бүгінге дейін «Үлгілі» атағын қорғап келеді.

e7e364fd-c51a-4299-a952-7b666f96acf1

Қазіргі уақытта Айнұр Садуақасова жетекшілік ететін аталмыш өнер ұжымы халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері.

Үлкен ізденістің нәтижесінде репертуарлары толығып, сахналық костюмдері жаңара түскен би ұжымы қазақ, орыс, өзбек және стилизациялық билерімен сахна көркін қыздырып, көрермен көзайымына айналып келеді.

Өткен жұма күні Атырау облыстық ғылыми - әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында Доссор мәдениет үйі жанындағы "Еркем-ай" үлгілі би ансамблінің өз атағын қайта рәсімдеуге арналған комиссия отырысы өткен болатын. Кеште кәсіби деңгейлерін тағы бір дәлелдеген ансамбль «Үлгілі» атағын қорғап қалды.

Комиссия отырысының қорытындысымен «Еркем-ай» би ансамблінің «Үлгілі» атағы қайта рәсімделгені жөніндегі куәлік ұжым жетекшісі А.Садуақасоваға табысталды.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521