ҚАЗАҚТЫҢ EEGERU ЗАМАНАУИ МУЗЫКА АНСАМБЛІ ШОТЛАНДИЯДАҒЫ ФЕСТИВАЛЬҒА ҚАТЫСАДЫ

(0 Votes)

Қазақтың Игеру заманауи музыка ансамблі халықаралық Единбург фрэндж фестивалінде өнер көрсетеді. Байқау Шотландияның астанасында өтеді.

 75 жылдық тарихы бар өнер бәйгесінде әлемнің ең үздік орындаушылары театр, опера, би, музыкалық қойылымдарды сахналайды. Қазақстаннан алғаш рет қатысқалы отырған ұжымға «Дара» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. Шотландиядағы Queen's Hall сахнасында өнер көрсетуге 16 күн қалды.

Сондықтан EEGERU ансамблінің шығармашылық ұжымы үшін әрбір минут маңызды. Күн сайын сағаттап дайындалып жатыр. Музыканттардың қатарында қобызшы Мұхтар Сәтқозы да бар. Ол қазақтың ұлттық аспабын әлемге танытқысы келеді.

Мұхтар Сәтқозы, қобызшы: - Бұл ансамбль Қазақстандағы ең алғашқы жаңа заман музыкасын ойнайтын ансамбль болып саналады. Жаңа заман музыкасына алғаш рет қылқобыз аспабы қосылып тұр. Бұл өте нонсонс болып саналады. Шотландияда мен қылқобыздың барлық мүмкіншілітерін көрсткім келеді. Тек қана шотлдандықтар үшін ғана емес фестивльға қатысатын көптеген әлемнің елдерінен қатысушыларға қылқобыз астапабын көрсету менің міндетім. Eegeru ансамблінің құрылғанына биыл 7 жыл болды. Оның құрамындағы артистердің осалы жоқ.

Басым бөлігі шетелден оқып келген. Олар 20-ғасырдың соңы мен 21-ғасырдың бас кезінде шығарылған туындыларды орындайды. Яғни заманауи музыка. Репертуарында 100-ге жуық қазақстандық және шетелдік композитордың шығармасы бар. Артық Тоқсанбаев, "Қазақстан композиторлар қауымдастығы" ҚБ төрағасы: - Өздері шақырды Единбург фестивалі. Ол өте биік дәреже. Өте ірі фестиваль. Классикалық заманауи музыка орындалатын фестиваль. Ол өте биік дәреже. 7 жылда осындай дәрежеге жету деген үлкен абырой. 27 тамызда Эдинбургте алғаш рет Қуат Шілдебаевтың «Қаракемер» күйі орындалады.

Сонымен қатар, Артық Токсанбаевтың My respect to you mr. Tattimbet туындысы көпшілікке жол тартады. Ал шотланд композиторы Клэр Джонстонның EEGERU ансамблі үшін арнайы жазған Call of The Mountains композициясы ерекше нөмір болмақ.

Санжар Бәйтереков, Eegeru ансамблінің көркемдік жетекшісі: - Композитор Клэр Джонстон алдымен ұжыммен танысып шықты. Біз оған өз мүмкіндіктеріміз туралы айттық. Аспаптардың ішінде әсіресе қылқобыздың ерекшелігін, оның мүмкіндігі жайында түсіндіріп бердік. Соның бәрін біріктіру біз үшін өте маңызды болды. Жалпы, ансамбль халық аспаптарын академиялық Батыс Еуропа аспаптарымен қосылып орындауды мақсат етіп отыр. Ансамбль қазақтың заманауи музыкасын танытумен қатар ондағы инклюзивті музыкалық білім беру тәжірибесімен танысады. Сондай-ақ шеберлік сабағын өткізіп, қылқобыздың тарихы мен оның ғажайып сиқырлы үні туралы сыр шертеді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT