Гүлнәр - үздік актриса

(0 Votes)

Индер ауданы әкімдігі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, драматург-жазушы, сатирик Е.Домбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай "Халықтық" атағы бар театрлар арасында облыстық фестиваль өтті. 

Аталған шараға Мақат мәдениет үйінің жанындағы "Халықтық" театры ұжымы қатысып, Е.Домбаевтың "Біздің кластың қыздары" атты комедиялық қойылымын қойды. Көрермендерің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген мақаттық театр ұжымы фестиваль нәтижесінде Индер ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне ие болып, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатты. Сонымен қатар, қалың көпшілікті актерлік шеберлігімен тәнті еткен театр әртісі Гүлнәр Арыстанқызы "Ең үздік актриса бейнесі" номинациясына ие болды. Оған қоса, шығармашылық ұжым Индер ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Режиссер Азамат Елубаевтың қадағалауымен «Біздің кластың қыздары» атты комедиялық қойылымды дайындап, сахнаға алып шықтық. Бұл қойылымға 10 күндей уақыт кетті. Қойылымда қызықты оқиғалар көп. Мен онда совхоз директорының әйелі рөлін ойнап шықтым. Еңбек пен ізденістің нәжижесінде біздің шығармашылық ұжым жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Аз уақыт ішінде дайындалған еңбек ақталды», - дейді Гүлнәр Арыстанқызы. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта да тек сәтті қойылымдармен қауышатынын жеткізді.

Ендеше, «Халықтық» театр ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT