Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында «Астана» мен «Атырау» тең түсті.
Елордалық клуб кейінгі ойындарда ұпай жоғалтып келеді. Соңғы бес кездесуде екі мәрте тең түсті. Осының салдарынан қарсыластарынан ұзап кетуге мүмкіндік болмай отыр.
Елордалық клуб өз алаңында «Атыраумен» 0:0 есебімен тең нәтижеге қанағат білдірді.
Айта кетсек, алғашқы айналымда да командалар дәл осындай есепке қанағат білдірген еді.
Ал жүлделі орындардың бірінен үміткер саналып жүрген «Ақтөбе» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 есебімен сүріндірді.
Дәл қазір «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойнап жатыр. Бірінші кезеңнен кейін петропавлдық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсуде.
Ал 23 шілдеде 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан) ойнайды.
Бұл турды 21:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.
Қазақпарат