Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы плей-офф сатысының алғашқы ойындары өтеді. Елордалық «Астана» Беларусьтің БАТЭ командасқын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі команда да биылғы Еурокубок ойындарын UEFA Чемпиондар лигасында бастады. Аталмыш дүбірлі доданың бірінші сатысында «Астана» Румынияның ЧФР командасына жол берді. Одан кейін Еуропа лигасы екінші сатысында Андорраның «Санта-Колома», үшінші сатысында Мальтаның «Валлетта» командаларын орта жолда қалдырды. Осылайша, «Астана» жарыстың плей-офф сатысына жолдама алды.
БАТЭ елімізкомандаларына жақсы таныс. Еурокубок ойындарында бұдан бұрынғы жылдарда да шеберлік байқасты. Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында Қарағандының «Шахтерынан» өз алаңында 0:1 есебімен жеңілсе, сырт алаңда да дәл сол есеппен есе жіберді. Беларусь клубы одан кейін 2016 жылы Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде елордалық «Астана» клубымен жолықты. Алғашқы кездесуде сырт алаңда олар қарсыласына 0:2 есебімен жол берсе, араға апта салып өз алаңында 2:2 есебімен тең түсті. Осылайша, екі мәрте қазақстандық клубтардан айналып өте алған жоқ.
«Астана» мен БАТЭ командалары арасындағы бүгінгі кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қарымта ойын 29 тамызда Борисов қаласында өткізіледі.
Материал: ашық дереккөзден