Еламан кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы атанды

(0 Votes)

Астана күні және Жастар жылына орай Нұр-Сұлтан қаласында 6 шілде күні Жауынгерлік өнер ассоциациясының гала-фестивалі өткен болатын. Кеште Бүкіләлемдік муайтай кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша кәсіпқойлар арасындағы «Әлем чемпионы» атағы сарапқа салынды. Бұл шарада жерлесіміз Еламан Саясатов 54 келі салмақта WMC Intercontinental белбеуі үшін тайландтық Онпенткхонг Бунчанамен кездесті.

w

w

Еламан мен Тайланд елінің 23 жастағы спортшы арасындағы жекпе-жек бес раундқа созылды. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласын ұпай санымен тізе бүктірді. Осылайша, Еламан чемпиондық белдікті беліне байлады. Бір жыл бұрын Еламан Саясатов кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атанған болатын. Енді, міне, мақсатына берік спортшы өзі армандаған Әлем чемпионы атанды.

w

w

w

«Жеткен жетістіктерімнің барлығы тынымсыз еңбек пен бапкерлерім Мейрам және Ислам Галиевтердің арқасы» - дейді чемпион. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев және Қазақстан Жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Кәрім Мәсімов, олимпиада чемпиондары арнайы қатысып, спортшыларға қолдау көрсетті.

Айта кетейік, 21 және 28 шілде аралығында Еламанды және ағайынды Ищан мен Әбіл Галиевтерді Тайланд елінде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұл байқауда да жерлестеріміз өз мықтылықтарын дәлелдей біледі деп сенеміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521