Жастар жылына орай Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен былтырғы жылдан бері облыс көлемінде жастар арасында спартакиада ұйымдастырылып келеді. Атырау қаласы, Исатай, Құрманғазы, Мақат аудандарында өткізілген дода шілденің 4-і күні Махамбет ауданында дәстүрлі түрде өтті.
Махамбет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Мақат, Махамбет, Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары, белсенді жастары қатысты. Сайыс футбол, волейбол, теннис спорт түрлері бойынша өтті.
Байқау қорытындысы бойынша футболдан аудан құрамасы І орынға ие болды. Бір айта кетерлігі, бес рет өткізілген сайыс барысында ауданның жас футболшылары бесеуінен де алтыннан алқа тағынып, І орынды қарсылас командаларға бермей келеді. Бұл жастарымыздың футбол спортына деген қызығушылығы мен жеңіске деген жігерінің жоғары екенін білдіреді.
Сондай-ақ, аудан жастары теннистер ІІ орын, волейболдан ІІІ орынға ие болды. Топ құрамында Қосекен Алтынбек, Бейбітұлы Еркебұлан, Каримов Сағытжан, Қосекен Бақытбек, Айтжанов Ислам, Жакиев Шынғыс, Бақытжанов Бекнияз, Қайратұлы Нұркен, Кәпсалімов Абзал, Есимова Жадыра, Құбайдоллаев Ербол, Биғазиев Орынбек, Сағидолла Сайфолла, Қаржауова Әсел, Жұмағалиева Мейрамгүл, Есенаманова Алтынгүл өнер көрсеткен аудан жастары команда бойынша ІІ орынға жайғасты. Сонымен қатар, футбол ойынынан Қосекен Алтынбек, теннистен Кәпсалімов Абзал, волейболдан Сағидолла Сайфолла "Үздік ойыншы" марапатына ие болды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА