Джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
(0 Votes)

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Қазақстан қоржынына 3 медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта финалда Біріккен Араб әмірлігінің өкілі Мохаммед Аль-Суваидимен күресті.

Қазақстандық джиу-джитсу шебері қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Жартылай финалда осы салмақта М.Аль-Суваидиге есе жіберген тағы бір қазақстандық Алдияр Серік сингапурлық Ноа Лимді 2:0 есебімен ұтып, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ Мансұр Хабибулла 62 келіге дейінгі салмақта тағы бір қола медальді Қазақстан қоржынына салды. Ол филиппиндік Александер Лимді 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын джиу-джитсуден Нұржан Батырбековтың Азия ойындарының финалына шыққанын жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT