Дулат спорт шебері атанды

(0 Votes)

Елордада 23 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында дзюдодан ел біріншілігі өтуде.

Азия мен әлемдік додаларда топ жарғандар ғана күш сынасатын байрақты бәсекеде бұл жолы 400-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. Арасында алдағы олимпиададан үміттілері де бар.    «Пандемия мен басқа да себептерге байланысты мұндай жоғары деңгейдегі біріншілік 2018 жылдан бері ұйымдастырылып тұр. Топ ішінен оза шыққан жас өрендер ұлттық құраманың сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алады», - дейді жарыс ұйымдастырушылары.

Бүгін бас қаламыздан қуанышты хабар келіп жетті. 73 келі салмақ бойынша сынға түскен мақаттық Дулат Аманқосов күміс жүлдеге ие болып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Балуанның жеке бапкері Ерлан Шынтасовтың айтуынша, жарыстың соңғы күнінде тағы да екі жерлесіміз - Әділет Сапарғалиев пен Серікболсын Шынтас татамиге шығады.

Осы күндері Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатырған ересектер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрамамыздың қоржынында әзірге жалғыз ғана жүлде. Ағаларының ізін қуып келе жатырған ұландарымыз алдағы уақытта ел абыройын асқақтатып, Асхат Житкеев, Максим Раков, Елдос Сметов сынды даңқты дзюдошы отандастармыздың жеңісті жолын жалғайды деген үміт зор. Жеңімпазымызға құтты болсын айта кете, сын сағатына сақадай сай бола асыға күткен спортшыларымызға сәттілік серік болсын дейміз!

А.Байшуақ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521