Тынымсыз төгілген тер мен үздіксіз жаттығу қашан да өз нәтижесін береді. Бұған дейін бәйгетөбелік Дәулет Есқабылдың үстел теннисінен облыстық додада жүлдегерлер қатарынан көрінгенін жеткізген болатынбыз. Дәл осы жарыстың жалғасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласында пара үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген теннисшілер арасынан жерлесіміз олжалы оралды.
Дәулет жекелей сында қоржынға қола медаль еншілеп, үшінші орынға табан тіреді. Ал, жалпы Атырау облысының спортшылары командалық сында 6,5 алтын, 5 күміс және 7,3 қола медальмен бірінші орынға ие болды. Ел мерейін үстем еткен спортшымыз туралы толығырақ өз мерекесі қарсаңында кеңінен тоқталатын боламыз.
А.САДЫКОВ