Ардагерлер шахматтан жарысты

(0 Votes)

Мақат кенті әкімдігі үйінің  үлкен залында шахматтан ардагерлер арасында аудандық турнир болып өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі мен "Атырау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі біріге ұйымдастырған шара  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет" атты ұранды ұстанды.

img_3586

8 қатысушы сынға түскен тартысты бәсекені қорытындылай келгенде Сәбит Халенов, Талас Байгуршимов, Шаяхмет Ишангалиев, Хасан Қараманов, Қалам Жанғабылов "Жеңіске деген жігері үшін" дипломдарымен марапатталды.

img_3574

Жеңімпаздардың қатарына іліккен Көбейсін Саюпов жүлделі үштікті түйіндесе, Төлеуіш Иманалиев бұл жолы күмісті қанағат тұтты. Ал Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің ұстазы Естай Ғинаятов қарсылас шақ келтірмей, 1-орын иемденді.

whatsapp-image-2021-06-11-at-17_11_55

Жүлдегерлерге арнайы медаль тапсырылып, барлық қатысушылар естелік сыйлықтардан құр қалған жоқ. "Атырау-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ауданымыздағы өкілі Күлпәш Алишева мұндай жарыс өткен жылы жастардың арасында өтсе, биыл ардагерлеріміздің арасында ұйымдастырылып тұрғанын айтты.

img_3610

Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікке шақырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ.

                                                                                                                                                                                 А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521