ДОССОРДА АМАНҚОС ӨТЕУОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ДОССОРДА АМАНҚОС ӨТЕУОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Суреттер автордікі
(0 Votes)

Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы облысқа, ауданға танымал ардагер спортшы Аманқос Қуанышұлы Өтеуовті еске алуға арналған XXI республикалық ашық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова мен спорт ардагерінің ұлы Серік Өтеуов дәстүрлі түрде өтетін бәсекенің тартысты өтуін тіледі.

Дүбірлі додаға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарынан және Жаңаөзен қаласы, Қызылқоға, Исатай, Махамбет, Индер, Мақат аудандарынан келген 400-ден астам споршы қатысты.

Жалпы 25-ке жуық команданың 2010-2011, 2012-2013 туған жас спортшылары әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша татами төрінде бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. 

Нәтижесінде жарысқа аудан атынан қатысқан Мақат пен Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 60 спортшысының 14-і үздік нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орындарды иеленді.

Олардың 5-еуі алтын,  4-еуі күміс, 5-еуі қола медальмен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш турнир алғаш рет 2004 жылы өтіп бастаған.

Алғашқы жылы самбо күресінен өтсе, 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін спорттың дзюдо түрінен өтіп келеді.

 

Ә.ҚАСЫМ

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT