Чемпиондыққа талас ең соңғы турға дейін сақталуда

(0 Votes)

Тартысқа толы кезеңдермен өрбіп жатқан Мақат футбол лигасының V ші ашық біріншілігі де ақтық мәресіне бір табан жақын қалды.

Әсіресе турнирдің топ басында тұрған төрт команда арасындағы ойындар көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Бұған дейін өздерін өкшелеп келе жатқан "Шахатовты" 4-1, "Азаматты" 5-3 есебімен ұтып, "Қуандықтан" 6-1 жеңілген "Бахтияр" командасы турнирдің бітуіне бір тур қалғанда үздік үштікке табан тіреді.  Ендігі қызық жақында ғана жүздесіп, көрерменнің делебесін қоздырып, 3-3 есебімен тең тарқасқан чемпиондыққа таласатын "Қуандық" және "Локомотив" арасында өрбімек.

doptebu

grafik

Былтырғы чемпиондар ақырғы турды суперкубокті сарапқа салған "Азамат" командасымен ойнайтын болса, "Локомотив" "Шахатовпен" кездеседі. Егер "Азамат" командасы бұған дейін кеткен есені қайтарып, тым болмаса, тең есепті сақтап қалып, тиісінше, "Локомотив" өз қарсыласын тізе бүктірсе, онда чемпион атануға толық мүмкіндігі бар. Ендеше жұма күнгі соңғы турдың ең шешуші ойындарын жіберіп алмайық.

 А.Садыков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521