Жастар кубокты жеңіп алды

(0 Votes)

Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай волейболдан аудандық жарыс өтті.

Жарыстың салтанатты  ашылуында сөз алған  аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мұратұлы спортшыларды мерекемен құттықтап, жарыс жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудан әкімдігі жыл соңына дейін волейбол секциясын ашуды қолға алғандығын хабардар етіп, спортшыларды бір қуантып тастады.

boleibol

jenimpaz

Жарысқа аудан мекемелерінен 6 команда қатысты. Тартысқа толы дода  алдында жан салмаған Мақат Жастар ресурстық орталығы командасы I орынды иеленсе,   Л.Шахатов атындағы орта мектеп командасы II орын тұғырынан көрінді. Жарыста  Х.Санбаев атындағы орта мектептен қатысқан команда да жүлдеден құр қалмай, III орынға табан тіреді.

 Жарыс жеңімпаздары аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медалімен марапатталып, кубок табысталды.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521