Азия ойындары: Қазақстандық боксшылардың қашан рингке шығатыны белгілі болды

(0 Votes)

 Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың қашан рингке шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшылардан алғашқы болып 24 қыркүйек күні сағат 18.45-те 63,5 кг салмақта 1/16 финалда Ертуған Зейнуллинов шығады. Оның қарсыласы – иорданиялық Обада Алкасбех.

Жекпе-жекті содан кейін басқа спортшылар жалғастырады.

25 қыркүйек (дүйсенбі) 12.00. 66 кг. 1/8 финал. Наталья Богданова – Рагад Ибрагим Аль-Наими (Сауд Арабиясы) 18.30. 51 кг. 1/16 финал. Сәкен Бибосынов – Орхонтунгалаг Унуболд (Моңғолия)

26 қыркүйек (сейсенбі) 18.30. 57 кг. 1/16 финал. Махмуд Сабырхан – Ичань Ли (Оңтүстік Корея)

27 қыркүйек (сәрсенбі) 12.15. 51 кг. 1/8 финал. Назым Қызайбай – Сусма Таманг (Непал) 14.15 92 кг. 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай – Бариахаан Дорж (Моңғолия)

28 қыркүйек (бейсенбі) 17.15. 60 кг. 1/8 финал. Римма Волосенко – Сихью Ву (Тайбэй) 19.30. 71 кг. 1/8 финал. Асланбек Шымбергенов – Санминь Ли (Оңтүстік Корея) / Пейчен Ван (Қытай)

29 қыркүйек (жұма) 14.00. 80 кг. 1/8 финал. Нұрбек Оралбай – Тоқтарбек Таңатхан (Қытай) 17.30. 57 кг. 1/8 финал. Карина Ибрагимова – Джин Хьян Пак (Солтүстік Корея)

30 қыркүйек (сенбі) 12.00. 54 кг. 1/4 финал. Жайна Шекербекова – Прити (Үндістан) / Силина Аль-Хасанат (Иордания) 14.30. +92 кг. 1/4 финал. Қамшыбек Қоңқабаев – Данис Латыпов (Бахрейн) / Мохаммед Млайес (Сирия). 17.30. 75 кг. 1/4 финал. Валентина Хальзова – Киань Ли (Қытай).

Азия ойындарында 2024 жылғы Париж олимпииадасының жолдамалары сарапқа салынады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT