Аудан аяқдопшылары үшін жыл басы жағымды жаңалықпен басталды.
Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Мақат» командасы ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Атырау қаласында өткен Асқар Жұмағалиевті еске алуға арналған облыстық турнирге қатысты.
Облыстың түкпір-түкпірінен келген командалар арасында «Мақат» командасының аяқдопшылары ширек, жартылай және финалдық ойындарда қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, жүлделі І орынды иеленді.
Жас шәкірттерінің таудай талабы мен жеңіске деген ұмтылысына бапкерлері Әнуар Теңдібай, Ержан Шарафиев және Еркебұлан Бейбітұлы да дән риза.
Жаннұр Қамза