Бүгін Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Мұса Баймұхановтың туғанына 115 жыл толуына орай еркін күрестен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Одан әрі аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әсел Қаржауова сөз сөйлеп, бұл турнир - жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталғандығын тілге тиек етті.
Одан бөлек, аудан прокуроры Магилан Рахимов сөз алып, Мұса Баймұхановтың ерлігі мен абыройлы қызметі туралы айтып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, турнирге көршілес Ресей федерациясы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы, Шымкент қаласы және Жылыой, Индер, Құрманғазы, Мақат аудандарынан келген 400-ге жуық спортшылар қатысуда.
Ж.Қамза
Сурет автордікі