Атыраулық жалынды жастар аудан төрінде

(0 Votes)

Түрлі халықаралық байқауларда топ жарып, облыс көлемінде танымал болып жүрген өнерпаз жастар ауқымды шараның аяғында кент тұрғындарына орталық алаңда тамаша кеш сыйлады.

k

Кешті күллі қазақ жұртын күлкіге қарқ қылып жүрген жайдарманшы, "Сағыз" командасының "кісісі" Жасұлан жүргізді. Кеш шымылдығын республикалық дельфий фестивалінің бас жүлдегерлері "Томирис" би тобы ашса, талантты әншілігімен қоса, Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа оқитын Жандос әуезді әнін қалықтатты. Әр өнерпаздың кезегі келгенше Жасұлан да қарап тұрмай, қағытпа қалжыңдар мен түрлі ойындар арқылы көрермендермен байланыс жасай білді. Ұдайы қыздардың биіне көзі үйреніп қалған жерлестеріміз бұл жолы ұлдардың да көше биіне куә болды. Көбіне кешкі концертте ұшыраспайтын үлкендер жағының да қарасы мол болды бұл кеште.

c

Атыраудың "мен деген" жайдарманшылардың еркін құрамасы алаңда қоғамдағы әр түрлі өткір мәселелерді жеңіл әзілмен әдемі жеткізе білді. Түс мезгілінде театр сахнасында актерлік шеберлігімен танылған Жасұлан, жігітке жеті өнердің өзі аздық ететінін әуелетіп салған әнімен дәлелдеді.

k

Алыстан ат терлетіп талантты өрендер келіп жатқанда, жергілікті өнерпаздар қарап қалсын ба?! "ДосАрт" тобының мүшесі доссорлық Даниярға жерлестері ұялы телефонының жарықтарын қосып, әнімен бірге тербелді.

s

Кеш соңы әдемі от шашумен өрнектеліп, барша кеш қонақтарының бірлесіп орындауындағы "Атырау жастары" әнімен қорытындыланды.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT