Атырауда 8-ші ATYRAU MARATHON өтеді

(0 Votes)

Құрметті атыраулықтар мен қала қонақтары!

 5 қазан күні Атырау қаласында 8-ші ATYRAU MARATHON өтеді.

Марафонды Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен облыстық жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырады.

Жүгіру бағдарламасында қатысушылар 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықты еңсереді. Жалпы жүлде қоры – 7 000 000 теңге. Жарыс тек спорттық шара ғана емес, нағыз Спорт мерекесіне айналуы үшін барлық қалалық және коммуналдық қызметтер іске қосылады.

Сондай-ақ 400 ерікті мен төреші қатысады.

Қазақстанның барлық өңірлерінен, жақын және алыс шетелден шамамен 3000 адам қатысуы жоспарлануда.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен «жеңіл аяқ» тілейміз! 🏃‍♂️✨

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT