Абай облысында ұлттық спорт түрлерінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Республикалық турнир өтті

Абай облысында ұлттық спорт түрлерінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Республикалық турнир өтті
(0 Votes)

Абай облысының, Ақсуат ауданыңда ұлттық спорт түрлерінен «Алтын бесік - Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтті. 

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұлттық спорт түрлерінің бірі қазақ күресінен өгіз және түйе балуандар арасында “Асыл Арлан” атты Республикалық турнир өтті. 17 облыстан 56 спортшы бақ сынасты. Өгіз балуан бойынша 32 балуан бақ сынасып Абай облысының спортшысы Тұқышев Дидар топ жарса, 2-орын Жетісу облысының спортшысы Алтынбек Рауан иеленді. Қола жүлде Жамбыл облысының спортшысы Сүлеймен Ернұр және АОСК құрамы Нұрмаханұлы Ибрагимге бұйырды.

Түйе балуан бойынша 24 спортшы бақ сынап Абай облысының балуандары Қажыбаев Ерасыл түйе балуан атанып, Нуралинов Даурен 2-ші орын иеленді. Қола жүлде Түркістан облысының балуаны Шамшидинов Қайсар және Маңғыстау облысының балуаны Жарылғапов Нұрдаулетке бұйырды.

«Алтын бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалінің аясында өтіп жатқан бәйге түрлері көпшіліктің делебесін қоздырып, шашасына шаң жуытпаған не бір сәйгүліктиердің атын шығаруда.

Әсіресе, 135 шақырымдық Ұлы аламанға көпшіліктің ықыласы ерекше болды. Нәтижесінде Маңғыстау облысынан үкіленіп келген «Көкжебе» атты жүйрік мәреге бірінші келді. Ат иесі Ербол Ермағанбетов. Екінші болып Алматы облысы Кеңсай ауылынан ат иесі Маейемеров Ержанның «Кеңсай» атты сәйгүлігі келді. Үздік үштікті Жетісу облысынан келген «Қаһарман» атты бәйге түйіндеді, иесі Шамиль Қадыров.

Ұлы аламанға жалпы саны 80 ат қатысты.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Назым Рысбетова

8 701 208 18 11

Айғаным Мұқатай

8 747 661 98 93

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/

Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024

YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024

Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1

Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu

Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521