ЖРВИ-ның, (тұмауға ұқсас аурулардың) және тұмаудың эпидемиялық маусымы 2022 жылғы 1 желтоқсан айынан басталып, 2023 жылғы 1 мамырға дейін созылады.
2022-2023 жылдардың эпидмаусымында облыс бойынша ЖРВИ-ның 2302 жағдайы тіркелді. Өткен эпидемиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда аурушылық 1,8 есе жоғарылап отыр. ЖРВИ-ның өсуі Атырау қаласында 1,9 есе, Жылыой ауданында 4,6 есе, Индер ауданында 7 жағдайға, Қызылқоға ауданында 7,5 есе, Мақат ауданында 2 есе, Махамбет ауданында 1,9 есе тіркеліп отыр. Оның ішінде 1564 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында және 614 жағдайы жүкті әйелдер арасында тіркелді.
Тұмау вирусының алғашқы жағдайы ағымдағы жылдың 30 қыркүйек айында анықталды. Жалпы облыс бойынша науқастардан алынған 258 үлгінің 23-нен тұмау ауруының қоздырғышы анықталды, олардың ішінде 21 үлгіден тұмау вирусының В типі және 2 үлгіден тұмау вирусының А типі анықталды.
Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда болады. Негізінен, риновирус, РС вирус, парагрипп сияқты вирустар анықталуда.
Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері ағзаға түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.
Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы геморрагиялық бөртпе.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
2022 жылы жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 65000 дозасы сатып алынды. Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша тұмауға қарсы вакцинацияланды.
Барлығы облыста бойынша тұмауға қарсы 66791 адам егілді (халықтың жалпы санының 10 %-і), оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 65000 адам егілді (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және жүкті әйелдер), жұмыс берушілер есебінен 1791 адам егілді.
Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:
- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;
- үй-жайдың ауасын ылғалдандыру;
- құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;
- сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;
- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.
Танауов Мәдениет Рашидұлы
Атырау облысы СЭБ департаменті басшысы