Жедел жәрдемнің жедел қызметі

Жедел жәрдемнің жедел қызметі
(0 Votes)

 Жақында қызметіне деген адалдық пен өжеттіліктің өнегесін көрсеткен аудандық жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері жүкті әйелді акушер-дәрігерлердің көмегінсіз үйінен босандырып алды. 103 номеріне сағат 11.31-де Мақат кентінен 3.4 категориясымен 22 жастағы жүктілікті әйелдің іші ауырып, толғағының жиілеп жатқандығы туралы қоңырау түседі. Осыған сәйкес жедел жәрдемнің 35 бригадасының фельдшерлері Перизат Мүстекенова пен Гүлзира Төлеу оқиға орнына дереу келіп, әйелдің жағдайын толық тексереді. 

Жүкті келіншекке дереу көмек көрсету қажет екенін түсінген фельдершер тез арада шешім қабылдап, оны үй жағдайында босандырып алады. Кейіннен ана мен баланы аудандық перзентханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырады.

«Толғақ айтып келмейді демекші, жедел жәрдем қызметін шақыртқан жүкті келіншекті толық тексеріп, перзентханаға апармақ болғанбыз. Алайда, нәресте перзенхананы күтпей өз үйінде дүниеге келді. Баланың кіндігін өңдеп, бір реттік қысқышпен бекітіп, аудандық перзентханаға табыстадық. Осылайша, салмағы шамамен 3 кг, бойы 55 см болатын қыз баланың кіндік анасы атанып отырмыз», - дейді аға фельдшер Перизат Мүстекенова.

Айта кетейік, бүгінде баланың да, ананың да жағдайы жақсы.

Б.ҚАСЫМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521