Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті

(0 Votes)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) басталуына

санаулы ай қалды. МӘМС-тің негізгі басымдықтары – халықты кеңінен қамту,

медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Қазақстанда 2020 жылдан

бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ.

Біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті. Кепілдендірілген

тегін көмек (ТМККК) пакеті ең минималды стандарттардан тұрады. Оған қандай

қызметтер кіреді? Дәрігерлік көмекті қажет ететін шұғыл жағдайларда көмек көрсету,

жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды динамикалық

бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу осы пакет шеңберінде жүзеге асырылады.

Мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамай пайдалана алады.

Мемлекет тарапынан кепілдік берілген көмек бойынша барлық азаматтар: емханаға

қаралып, стационарда жатып емделе алады; әлеуметтік маңызы бар аурулар осы пакет

негізінде тегін емделеді. Медициналық оңалту қызметін тек туберкулезге шалдыққандарға

ғана пайдалана алады. Зәру азаматтарға тегістей паллиативтік көмек көрсетіледі. Негізгі

жұқпалы емес аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар да осы

тәртіп бойынша емделеді. ТМККК пакеті азаматтардың бәріне, бюджет есебінен тегін

көрсетіледі. Сондықтан да бұл кепілдендірілген стандарт болып саналады.

Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

(МӘМС) пакеті.

Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет

түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды т.б. қызметтер кіретін МӘМС пакетін

сақтандырылғандар пайдалана алады. МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың

қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер

де енгізілді. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енбеген сырқаттарға

шалдыққан жағдайда стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық

көмек те МӘМС пакеті шеңберінде көрсетіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың бізге не қажеті бар?

Біздің елде азаматтар денсаулыққа жұмсалатын жалпы шығынның 40 процентін өз

қалтасынан төлейді. Дәрі-дәрмек сатып алады, ақылы клиникаларға қаралады. Мұның

отбасы бюджетіне едәуір салмақ түсіретіні даусыз. Жаңа жүйе осы шығындардың белгілі

бір бөлігін сақтандыру есебінен жабуға мүмкіндік береді. Реформаның маңызы міне,

осында.

Кепілдендірілген тегін көмек шеңберіндегі бастапқы медициналық-

санитарлық көмек: Бастапқы медициналық-санитарлық көмек халықты тіркеумен

айналысатын емханалар мен клиникалар тарапынан көрсетіледі. Бастапқы медициналық-

санитарлық көмек учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер,

тіркелген емханадағы медбике сынды мамандар қызметінен тұрады. Бұған:

профилактикалық екпелер мен скринингтер; жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі

балаларды дәрігерлік бақылау; созылмалы аурулар (25 топ бойынша) мен әлеуметтік

 

маңызы бар ауруларды (онкология, туберкулез, ВИЧ, психикалық аурулар) динамикалық

бақылау сынды медициналық қызмет түрлері жатады.

Сақтандырылған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне

енбеген ауруларға шалдыққан жағдайда жоспарлы стационарлық көмекті МӘМС пакеті

шеңберінде алады.

Оған мынадай қызметтер кіреді:

- салалық мамандардың консультациясы;

- диагностикалық қызметтер (соның ішінде лабораторлық диагностика);

- ауруханаға жатуға себеп болған, асқынған ауруларды (эстетикалық мақсатта

жасалған пластикалық операцияларды қоспағанда) емдеу;

- қанмен және қан компоненттерімен қамтамасыз ету;

- жоғары технологиялы медициналық қызметтер;

- медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шаралары;

- емдік тамақтану.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT