Тамақтан улануды қалай болдырмауға болады?

фото: mangystaumedia.kz
(0 Votes)

 Жаз-күз кезеңі - тағамдық уланулардың ең қауіпті шағы. Себептері: тағам өнімдерін дұрыс емес сақтамаудан бастап қарапайым гигиеналық нормаларды сақтамауға дейін әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ретте ауру туғызатын бактериялар біз ойламаған жерлерді де болуы мүмкін. Соныме өзімізді және жақындарымызды олардан қалай қорғаймыз, өнімдердің уақытынан бұрын бұзылуын қалай болдырмауға және денсаулықты қалай сақтауға болады.

Сонымен қарапайым гигиеналық қағидаларды сақтау керек. Тамақтанар алдында қолымызды жуу қажет. Сол сияқты жидектерге де, көкөніс пен жемістерге де осы қатысты. Оларды мұқият жуу керек, ыстық суға малып алса тіптен жақсы. Жеміс-жидектерді қолмен немесе салфеткамен сүртіп пайдалануға болмайды. Оларды мүмкіндігінше ағынды сумен жуу қажет. Шіріген, бұзылған жеміс-жидектерді пайдалануға болмайды.

Ал енді тамақ пен оны дайындауға келсек, жылытуға тура келетін тағамды тез суытып, содан соң 24-48 сағат ішінде пайдалану қажет. Тоңазытқышта екі тәуліктен аспайтын мерзімде сақтаған кезде ол қауіпсіз болады. Сондай-ақ бөлшектеу тақтайшалары, тіпті олап пластмассадан болса да бектерияларды жинауы және олардың көбеюіне жол беруі мүмкін. Тақтайшаларды пайдаланғаннан кейін ыстық сумен және жуу құралдарымен мұқият жуу және дайын және шикі азық-түліктер үшін әртүрлі тақтайшаларды пайдалану керек. Тақтайшаларда көп ақаулар пайда болғанда, оларды пайдаланбау. Пышақтарға да осылар қатысты. Шикі және дайын өнімдерге арналған пышақтар мен тақтайшалар жеке-жеке, бір-бірінен бөлек сақталу қажет. Азық-түліктерді сатып алғаннан кейін тоңазытқышқа салу керек, тоңазытқышқа салу керек еместерін салқын жерде сақтаңыз. Азық-түліктерде жарамдылық мерзімдерінің аяқталуы бойынша оларды қауіпсіз деп есптеуге болмайды. Тоңазытқышта температураны 0-5 градуста ұстау қажет. Тазалық және азық-түліктерді бөліп сақтау бактериялармен ауыспалы жұқтыруларды болдырмайды. Шикі етпен қатар жатқан піскен етті бөлек сөрелерде сақтау қажет.

Сонымен қатар мерекелік тағамдар әзірлегенде майонезі барлар әсіресе ыстық үй-жайда бірнеше сағаттан соң зиянды бактериялар пайда болатыны белгілі. Сондай-ақ тауық пен күркетауық кез келген басқа азық-түлікке қарағанда уланулардың үлкен санының себебі болып табылады. Тауық етінен көптеген ауруларды сальмонелла туындатады. Бұл ретте ол тек қана 40 минуттық ыстық өңдеуде ғана жойылады. Көп қайнатсаңыз, соншалықты қауіпсіз болмақ. Сондықтан осы қағидаларды сақтай отырып, Сіз уланудан құтыла аласыз.

В.Айсултанова,

Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521