Pfizer вакцинасын кез-келген адам тегін ала алады

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгі таңда облыс бойынша вакцинаның I компонентін 271 222 адам немесе 74,1%, II компонентін 258 796 адам немесе 70,7% алды. Ал, облыс бойынша вакцина алатын жалпы контингент 365 760 адам.
-Осы жылдың маусым айы бойынша ревакцинациялауға жататын 215 766 адам болса, оның ішінде ревакцинацияланғаны 77 611 адам немесе 35,97 пайызды құрады.
Облыс бойынша Пфайзер «Комирнати» вакцинасын алатын 65086 адам болса, қазіргі уақытта вакцинаның I компоненті 15393 адамға, ал II компоненті 10586 адамға егілді. Оның ішінде І компонент бойынша 406 жүкті, 3497 емізулі әйел, 4750 бала, 4504 өзгелер, 2236 қайта вакцинацияланғандар егілсе, ІІ компонент бойынша 370 жүкті, 3226 емізулі әйел, 4086 бала, 2098 өзгелер, 806 қайта вакцинацияланғандар егілді, деді А.Байдуәлиев.
Оның айтуынша, республиканың Бас санитариялық дәрігерінің осы жылғы 25 наурыздағы қаулысына сәйкес Комирнати (Пфайзер) екпесін қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға 12 жастан асқан адамдар, оның ішінде Қазақстанның аумағында 3 және одан да астам ай тұрып жатқан шетелдік азаматтарды екпе алуға шақыру жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, басқарма басшысы аталған вакцинаны кез-келген адам тегін ала алатынын жеткізді. Оған қоса, А.Байдуәлиев соңғы уақытта ПТР-тест пен вакцина куәлігін сұратудың міндеттелігі жойылса да, аурудың одан әрі тарамауы, жалпы сақтық шаралары үшін ауруханаға жатқызылатын науқастардан әлі де талап етілетінін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521