Пациенттердің құқығы қорғалады

(0 Votes)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын ішкі аудит және аудит сапаны бақылау қызметі немесе пациенттерді қолдау қызметтері арқылы қорғайды. Бүгінде бұл қызметтер әр бір емханада бар. Медициналық қызметкерлер тарапынан проблемалық мәселеге немесе түсінбеушілікке тап болған әрбір пациент сол жерден көмек сұрап, өз проблемасын шеше алады. Егер емханада мұндай қызмет болмаса, сіз тікелей бас дәрігердің орынбасарына жүгіне аласыз.

Қормен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Жеткізушіге қойылатын бұл талаптар шартта жеке тармақпен бөлінген және олардың орындалуы Қор тарапынан бақылауға жатады.

 koldau3

Өтініштер мен шағымдар арқылы

Егер емхана деңгейіндегі жағдайды шешу мүмкін болмаса, емделушілерде медициналық сақтандыру қорына кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіну мүмкіндігі бар:

-24/7 мобильді қосымшасы

-fms.kz сайты

-1406 бірыңғай байланыс орталығы

Сарапшылар сізге ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша кеңес береді, мәртебесі мен төлемі бойынша ақпаратты тексереді, қажет болған жағдайда мәселені шешуге медициналық ұйымның сарапшыларын тартады.

koldau-4

Мониторинг жүргізу арқылы

Бүгінгі күні Қор медициналық көмектің сапасын бағалау мониторингінің әртүрлі түрлерін, оның ішінде медициналық ұйымдарға бару арқылы жүргізеді. Ағымдағы немесе жоспарлы, мақсатты, проактивті және жоспардан тыс.

koldau2

Назар аударыңыз, жоспардан тыс мониторинг пациенттердің өздерінен түскен шағымдар мен өтініштер негізінде ғана кері байланыстың ресми арналары – 1406 бірыңғай байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және fms.kz сайт арқылы жүргізіледі. Әрбір осындай сұрау салуды пациенттің тарихын толық талдай отырып және оған ұсынылатын медициналық көмектің сапасын бағалай отырып, Қор сарапшылары жеке тәртіппен пысықтайды. Егер шағым негізделсе және медициналық ұйым тарапынан бұзушылықтар анықталса, Қор экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT