Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2050” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәрімізге мәлім.
«Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, денсаулықты сақтау, салауатты өмір салты қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту, ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында Л.Шахатов атындағы орта мектебінде 3-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем, Анам және Мен» тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Спорттық сайысты мектеп директоры Жанар Мұхтарова ашып, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Денені шынықтыра отырып, білімдерін сарапқа салған отбасылар жанкүйерлерді бір сергітіп алды. Нәтижесінде, I орынға «Күншуақ» тобы (3 «Д») шықты. Топ құрамында Отбасы әкесі Нұрақын Оразов, анасы Эльза Үсенова, ұлдары Қасым және Айдын Едігеевтің отбасы құрамында жолдасы Динара Қауқанова ұлдары Бақдәулет болды.
II орынға ие болған «Дружба» тобы құрамында Сарбулиндер және Меңдібаевтар отбасы болды. III орынға ие болған «Улыбка» тобы (3 «В») тобында Зикиряновтар мен Қайыровтар отбасы болды. Сонымен қатар, 4-сыныптар арасында «Көңілді старт» спорттық жарысы ұйымдастырылып, нәтижесінде I орынға 4 «Г» сыныбы, II орынға 4 «Б», III орынға 4 «В» сыныбы ие болып, «Жеңіске деген жігері үшін» 4 «А» сыныбы ерекше марапатқа ие болды.
Ж.ЖҰМАХМЕТОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.