Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында медицина саласын жаңғыртуға айрықша мән берді. Ел бойынша денсаулық сақтау нысандары кезең-кезеңімен жаңартылып, бұл жұмыс ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерді де қамтиды. Мақсат – медициналық теңсіздікті жойып, әр азаматқа сапалы көмек көрсету.
Ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі – маңызды мәселе. Осыған орай шалғай елді мекендерде жаңа медициналық мекемелер салынып, бар нысандар жаңартылып, заманауи құралдармен жабдықталуда.
Сонымен қатар, ірі қалалардағы ауруханаларды жаңғырту күрделі сырқаттарды тиімді емдеуге жол ашады.
Медицина саласын дамыту – халықтың денсаулығын нығайтып, өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
А.Тажығұлова
медбике