Мақат кентінде індет жұқтырғандардың саны екі адамға өсті

(0 Votes)

Ауданның эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанып, індет жұқтырған науқастардың тіркелуі бәсеңдегенін газетіміздің өткен санында хабарлаған болатынбыз.

Десе де, дерт жұқтырғандардың санын бір-екі тұрғын болса да толықтырып тұр. Бүгінде ауданда COVID-19 жұқтырғандар саны 282-ге жетті. Оның 140-ы Мақат кентінен анықталса, Доссорлықтар сол 137 жағдаймен тұрақталып тұр. Бәйгетөбеліктер де 5 жағдайдан аспаған. Тиісінше, жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандардың саны 1079-ға жеткен.
Емделіп шыққандардың да сан мөлшерінде өзгеріс жоқ емес. Нақтылай кетсек 275 адам (Мақат – 141, Доссор – 134). Ал, тоғыз тұрғын әлі инфекциялық бөлімшеде ем алу үстінде болса, он адам үй карантинінде.


А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT