Күн суытты, тұмаудың «аулы» алыс емес

(0 Votes)

2019-2020 жылдардағы эпидемиялық маусымда жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуларының алдын алу шаралары аясында аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында тұрғындармен  жиын өтті.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен аудандық орталық ауруханасы бірлесіп өткізген шарада тұрғындарға пайдалы кеңестер беріліп, мамандар сақтық шараларының маңызына мән берудің артықшылықтарына тоқталды.

 "Тұмаудың арты - құрт" дейді қазақта. Алайда көпшілігіміз тұмауға атүсті қарап ауруымыз асқынбайынша, дәрігер шақырмаймыз, келіп қаралмаймыз" деп салғырттық танытпауға шақырған аудандық аурухананың бас терапевтісі Дария Нәсіпқалиева тұмау асқынған жағдайда көптеген созылмалы аурулардың қайта қозуына ұшырайтынын атап өтті. Осы себепті дәрігер тұрғындарды тұмауға қарсы екпені алуға шақырды.

bolnisa-1

 Бұған дейін 153 адамның тұмауға қарсы екпе алғанын алға тартқан Гаухар Тоғаева осал топқа жататын медицина қызметкерлерін, медицина ұйымдарында медициналық бақылауға жататын балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдердің, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша халықтың тұмауға қарсы екпемен  қамтылатынына  тоқталды. Бұл санаттардың біріне жатпайтын болсаңыз, ақылы екпе алу да қарастырылған. Сұрастырғанымыздай, екпе құны екі мың теңгенің айналасы.   

bolnisa-3

Ауданымызда сонымен қатар қызылшаға қарсы 20-29 жас аралығындағы жастарға екпе салу қарқынды жүруде. Себебі дәл осы жас аралығында республика көлемінде ауру көбейіп кеткен. Бірақ жас ерекшелігіне қарамай, кез келген тұрғын тегін екпе алуына құқылы дейді мамандар. Ал қызылша асқынған жағдайда көздің көрмеуі, құлақ естімей қалуы секілді қауіптің ауылы жақын.

Тұмау да, қызылша да көз жұмып қарайтын ауру емес екендігін ұғынған тұрғындар түсіндірме жұмыстарының соңында өздерінің сауалдарына жауап алып, екпе алып үлгермегендері жиыннан соң екпе бөлмесіне  кезекке тұрды.

 А.Садыков,

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521