banner_damu

Енді стоматологиялық қызметтер тегін көрсетіледі

(1 Vote)

Биылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында стоматологиялық қызметтер жекеменшік емханаларда да тегін көрсетіледі. Бұл мүмкіндікті сақтандырылған азаматтардың ішінде әлеуметтік осал топтар ғана пайдалана алады.

Сақтандыру енгізілгенге дейін тегін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез келген жерінде пайдалана алады. Мәселен,  қаңтар айында Атырау облысының  пациенттеріне Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының емдеу мекемелерінде стоматологиялық қызметтер көрсетілген. Яғни, бұл жүйеде сақтандыру қорына аударылған жарна пациентке сапалы медициналық  қызмет көрсету үшін пайдаланылады деген сөз, –  дейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Айта кету керек, осы орайда медициналық сақтандыру аясында облыста 14 жекеменшік тіс емханасымен  келісім-шарт жасалған. Бұл денсаулық сақтау ұйымдарында пациент  стоматологиялық терапия және хирургиялық ем шараларды, туабітті пайда болған ортодонтиялық емді тегін пайдалана алады.

atr.kz

 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика