ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ МАҚАТ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысына сапарын Мақат ауданынан бастады. Мұнайлы өңірге арнайы ат басын бұрған министр алдымен аудандық орталық ауруханның жай-күйімен танысты.

Жалпы аудан бойынша 45 дәрігер және 224 орта буын медицина қызметкерлері бар. Алайда ауданға әлі де лор, окулист, нарколг мамандары жетіспейді. Алексей Цой кадр тапшылығын жою үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп жатқанын айтты.

 «Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша негізгі көмек ауылға бөлінуде. Жыл сайын дәрігерлердің жалақысын 30, ал мебдикелердің жалақысын 20 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз. Біз ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді ету үшін ауыл емханаларын аралап, жұмысын бағалап жүрміз»,- деді министр.

snimok-ekrana-176

Республикалық эпидахуалды бағамдап жүрген Алексей Цой індетпен аянбай күресіп жүрген жергілікті ақ халаттылардың қызметіне оң бағасын берді. Десе де әлемді әбігерге салған вируспен күресті бір сәтке болса да босаңтуға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, екпе егу жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруды тапсырды.

«Әрине барлығымыз да шаршау бар. Жақын уақытта бұл індетті де жеңеміз деп ойлаймын. Бұрынғыдай қайта қалыпты жұмыс режиміне көшеміз. Ешкім ауырмасын деп тілеймін. Вакциналау жұмысын күшейту керек. Осылайша өзімізді, жақындарымызды сақтайық, бұл өте маңызды»,- деді А.Цой.

img_5453

Ақ халаттылардың арасынан табылған Алексей Цой дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін де тыңдады. Жергілікті қызметкерлер бірнеше жылдан бері бос тұрғын жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратын қайта қалыпқа келтіруге ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, жылжымалы диагностикалық медициналық кешенмен ауыл-аймақты аралайтын медцициналық қызметкерлердің жалақысын өсіруді сұрады. Ал, ауданның бас дәрігері өңірдегі эпид ахуал тұрақты екенін жеткізді. Жалпы аудан бойынша жыл басынан бері 287 адам вирус жұқтырған.

 «Қазіргі таңда ауданда эпидахуал тұрақты. Облыс бойынша ең төменгі көрсеткіш біздің ауданда. Бүгінгі таңда амбулаторлы бақылауда 100 науқас, стационарда 20 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 100 науқастың 22-сі симптомды, қалған науқастар симтомсыз. Ауданда 30 мың тұрғын бар, оның ішінде вакцинаға алуға тиістісі 13 мың халықты құрайды. Олай деуге себеп 30 мың ішінен жүкті әйелдерді, 18 жасқа толмаған балаларды, бала емізетін аналарды, «Д» есепте тұрған қарсы көрсеткіштері бар науқастарды санамағанда 13 мың халық вакцинацияға жатады. Соның ішінде бүгінгі таңда 3 мың халық вакцина алып отыр»,- деді аудандық орталық аурухананың басшысы А.Әбдірахманов.

snimok-ekrana-17610

Денсаулық сақтау министрі А.Цой ауданға іс-сапарын Бәйгетөбе ауылдық округіндегі фельдшерлік акушерлік пунктте жалғастырды. Ондағы қызметкерлермен тілдескен министр ауданда атқарылып жатырған жұмыстарға оң бағасын берді.

М.Ізтұрғанова

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521