2020 жылға профилактикалық тексерулер жүргізуге 346, 9 миллион теңге жұмсау жоспарланған

(0 Votes)

2020 жылдың тоғыз айында 4,9 млн қазақстандықтарға профилактикалық тексеру жүргізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы мақсатқа 2,1 млрд теңге жұмсады.

Атырау облысында 2020 жылға профилактикалық тексерулер жүргізуге 346, 9 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Сovid-19 таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде емханалар профилактикалық тексерулер жүргізуді уақытша тоқтатты.

«Профилактикалық тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтауға және қажет болған жағдайда уақтылы емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Қазір профилактикалық тексерулер қайтадан қолжетімді және Біз қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға шақырамыз: тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексерулерден өтуге шақырамыз», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С.Құралбек.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» № 685 бұйрығына сәйкес скринингке 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар және 30-дан 70 жасқа дейінгі ересектер жатады.

whatsapp-image-2020-10-28-at-10_17_17-1

Балалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталықтарында жүргізіледі.

30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін төрт жылда бір рет жатыр мойны обырының скринингі көзделген, оған қарап-тексеру мен цитологиялық зерттеу кіреді. 40 жастан кейін екі жылда бір рет әйелдер сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін алдын – ала тексеруге және маммография жүргізіледі.

30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет әртүрлі аурулардың дамуының мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін тексерілуге жатады. Егер дәрігер пациенттің артық салмағы бар, физикалық белсенділігі төмен, темекі шегетін немесе қауіпті дозаларда алкоголь ішетінін анықтаса, онда профилактикалық кеңес, мінез-құлқын өзгерту туралы ұсыныстар беріледі, денсаулықты сақтау мектебіне жібереді.

whatsapp-image-2020-10-28-at-10_17_18

40 жастан кейін ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтен өтеді.

50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет колоректальды обырды ерте анықтау үшін скринингтен өтуі қажет. Тексеру гемокульт тестін қамтиды, егер ол оң нәтиже берсе, науқас ішектің колоноскопиялық зерттеуінен өтуге жіберіледі.

Айта кету керек, профилактикалық тексерулерді қаржыландыру МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандыру мәртебесіне ие болу қажет. Сонымен қатар, Мемлекет 15 жеңілдік санатына жататын 11 млн қазақстандық үшін жарна төлейді.

 

НАО «Фонд социального медицинского страхования»

филиалпо Атырауской области

Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Единый колл центр – 1406

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521