Дәрігерлік тексерістен өтті

(0 Votes)

Бүгінде елімізде қант диабетімен ауыратындар, қан қысымы жоғары науқастар саны өте көп.

Бұған қатерлі ісік дертіне шалдыққандардың санын қосыңыз. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын қатерлі ісік ауруларына 30 мыңнан астам адам шалдығады екен.

Яғни, сау адамнан науқастардың саны көп. Осыны ескерген мемлекет халықтың саулығын жақсарту үшін түрлі бағдарламаларды қолға алды. Медицинаның сапасын жақсарту, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, профилактикалық шаралар өткізу, аурудың алдын алу, медициналық тексерулерден өтіп тұруға мүмкіндіктер жасау осы бағдарламалардың аясында қарастырылған.

Медицина қызметкерлері жылына бір рет тұрғындарға тегін медициналық тексерістен өтуге кеңес береді. Медициналық тексерістен уақтылы өтіп тұру арқылы түрлі аурулардың асқынуын алдын алып, ұлт саулығын жақсартуға болады. Ол үшін медициналық тексерістен өту маңызды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №995 бұйрығына сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бұл ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатерлі факторлардың алдын алу үшін өткен акцияға аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің 81 қызметкері белсене қатысты. Сөйтіп, олар дәрігерлік тексеруден өтті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT