Гематолог Светлана Бычкова коронавирустың омикрон штамын жұқтырған кейбір науқастардың қан құрамы өзгеретінін ескертті.
Бычкованың айтуынша, науқастарда лейкоциттер, лимфоцитоз, моноцитоз санының көбеюі немесе азаюы байқалады.
"Қанның ұюының жоғарылауы аурудың бір көрінісі. Гиперкоагуляция тромб түзілуімен қатар жүреді", - деді ол.
Дәрігер мұндай өзгерістер вирустық инфекцияларға тән екенін айтты. Сонымен қатар, Бычкова науқастарда омикроннан кейінгі белгілер әртүрлі болатынын атап өтті.
"Әртүрлі. Біреулерде еш белгісіз өтеді, ал біреулерде біраз өзгерістер болады. Қалай болғанда да, бұл - ағзаға иммундық шок", - дейді гематолог.