Бір тәулікте 55 адам коронавирус жұқтырған

(0 Votes)

Пневмония мен Covid-19 індетімен 691 адам стационарлық инфекциялық ауруханада емделуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 32 адам, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 13 науқастың Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Аудандарда да індет жұқтырғандардың саны өсуде.Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 3, Индер ауданының 1, Құрманғазы ауданының 2 және Мақат ауданының 4 тұрғынынан қауіпті індет анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 21 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 96 адам емделді. Қазіргі уақытта 1173 адам үй жағдайында, 178 адам модульдік ауруханада ем алуда. Қазіргі уақытта 1173 адам үй жағдайында, 179 – модульдік ауруханада, 96 – облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 102 – фтизиопульмалогиялық орталықта, 156 -аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 158 адам емделуде.

Атырау облысы – коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT