Бұл сұраққа Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев, Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап берді.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды COVID-19 қарсы вакцинациялау жұмыстары 18 жастан бастап жүргізіледі.
- Дегенмен шетелдік компаниялар қазір 12 жас пен 18 жас аралығында вакцина салдыру бойынша клиникалық зерттеулер жүргізіп жатыр. Pfizer компаниясы 6 айлық нәрестелер мен 12 жастағы балалардың вакцина қабылдауына зерттеулер жасауда. Ал, қазір Қазақстан Республикасының аумағында 18 жастан жоғары азаматтар ғана вакцинациялауға жатады, – деді басқарма басшысының орынбасары.