Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мәреге жақындап қалды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін арттыру, аналар өлім-жітімін – үш есе, нәрестелердің өлім-жітімін – екі есе, Қазақстан Республикасы халқының жалпы өлім-жітімін – 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 30% -ға; туберкулезден өлімге ұшырауды 100 мың адамға шаққанда 3,8 адамға дейін төмендету; 15–49 жас тобында АИТВ-жұқпасының таралуын 0,2–0,6 % шектерінде ұстап тұруды қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Соған сәйкес негізгі 7 бағыты нені қамтыды? Олар: Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту; МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау; медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру; ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру; Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар