Ауданда пневмониямен 51 адам ауырып жатыр

(0 Votes)

Аты жаман індеттің өзгерген түрі пневмония аудан тұрғындарын да әбігерге салуда. Соңғы ақ­па­­р­ат­тарға сүйенсек, аудан көле­мінде өкпе қабынуымен ауырғандардың қатары артуда.

Қазіргі таңда аудандағы провизорлық стационарларда 51 науқас пневмония­дан ем қабылдап жатыр.  Оның ішінде, Мақат кентінің провизорлық стационарында 15 адам, Доссор кентінің провизорлық стационарында 17 адам, Мақат аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде 19 адамға ем жүргізілуде.

Өкінішке орай бүгінгі таңда аудан бойынша 7 адам пневмониядан, 2 адам коронавирустан көз жұмды.

Айта кететіні, көрсеткіш халықтың бейқамдығынан көтеріліп отыр. Сондықтан сақтық шараларын қатаң ұстанып, жақындарымызға жанашырлық танытайық!

М.Серікқызы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз