«Атырауға тағы да аса қажетті дәрі-дәрмектің тағы да ауқымды топтамасы жеткізілді», - деп хабарлайды Атырау коммуникациялар қызметі.
Медициналық препараттардың 470 түрі бүгін Алматыдан әкелінді. Ертеңнен бастап қаладағы дәріханаларға таратылады.
![]()
Ал аудандарға сәрсенбі мен жұма аралығында жеткізіледі. Фармацевтикалық компания директоры Светлана Липатованың сөзінше, жұма күні Алматыдан Атырауға тағы да дәрі-дәрмек келеді. Олар коронавирустан емдеуге арналған медициналық препараттар болмақ.


