Атырауда сегіз мектеп стоматологиялық кабинетпен қамтылмақ

Атырауда сегіз мектеп стоматологиялық кабинетпен қамтылмақ
(0 Votes)

Әль-Фараби атындағы Binom мектебінде ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне орай жиын өтті. Шараға Атырау жоғары медециналық колледжінің студенттері қатысып, арнайы флешмоб ұйымдастырды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Шараның басты мақсаты – қоғам назарын ауыз қуысының саулығына аударып, оның күтімі туралы ақпарат тарату.

"Атырау облысында стоматологиялық қызметке байланысты іс-шаралар жүзеге асуда. Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы №680 бұйрығы бойынша балалардағы стоматологиялық аурулардың алдын алуға арналған жол картасы жасалған болатын. Соның негізінде көптеген жиын ұйымдастырылып, бүгінде 1-3 сынып оқушыларына тіс күтімі, ауыз қуысының гигиенасы туралы видеороликтер көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді",- деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.

Айта кетейік, жол картасы негізінде қала және аудан мектептеріне стоматологиялық қызметті жетілдіріп, арнайы тіс емдеу кабинеттерін ашып, толыққанды мамандармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2025 жылы сегіз мектепте, яғни, төртеуі ауылдық округтерде, ал қалған төртеуі қаладан ашылмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT