Атырауда онкологиялық ауру көрсеткіші 11,9 пайызға төмендеді

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысы онкология диспансерінің директоры Эльмира Сапарова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Өткен жылдың соңындағы есеп бойынша Атырау облысында қатерлі ісікпен ауыратын 1063 науқас тіркелді. Өңірде жоғары көрсеткіштерді Мақат, Қызылқоға, Индер аудандары бастап тұр. Аурушаңдық құрылымына келер болсақ, бірінші орында өкпе рагы, екінші орында сүт безі, үшіншіден колоректалді обыры, төртінші асқазан обыры асқынып тұр. Облыста жатыр мойны және сүт безі обырын анықтау үшін әйелдерді скринингтік тексерудің қорытындысы 92,0% және 94,0% қамтыды. Нәтижесінде, сүт безі обырының 26 жағдайы, жатыр мойны обырының 16 жағдайы және тоқ ішек қатерлі ісігінің 5 жағдайы ерте сатысында анықталды, деді Э.Сапарова.

Оның айтуы бойынша, онкологиялық қызметтің жылдық қорытындысы бойынша, өлімнің төмендеуі 100 мың тұрғынға шаққанда 74 пайызды құрайды. Осы көрсеткішті сақтап қалу үшін және өлімді алдын алу мақсатында тұрғындардың емханаларға дер кезінде жүгіну қажет екенін айтты.
Ал, облыста жыл басынан бері қатерлі ісікпен 241 науқас тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 науқасқа азайып, ауру көрсеткішінің динамикасы 11,9 пайызға төмендеген.
Айта кетейік, Атырау қаласындағы онкология диспансері 1973 жылы құрылған. Осыған байланысты, келер жылы онкология диспансері мен радиологияның жаңа ғимараты салынбақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT