Атырауда 103 адам covid-19 инфекциясын жұқтырған

(1 Vote)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 80 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 15 адамнан болса,Құрманғазы – 4, Махамбет – 3 және Исатай ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 37 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 54 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 278 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 164, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 261 адам ем қабылдауда.

atpress.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT