Атырау облысында егу пункттерінің жұмыс кестесі ұзартылды

(0 Votes)

Енді тұрғындар коронавируc инфекциясына қарсы вакцинаны таңертеңгі сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі аралықта алуына болады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз жергілікті тұрғындарды вакцинациялау жұмыстарын күшейтуге ниеттіміз, оның үстіне екпе алғысы келетіндердің саны күн сайын артып келеді. Өздеріңізге белгілі, аймаққа ресейлік "Спутник V" вакцинасының  17 000 дозасы, сондай-ақ қазақстандық "QazCovid - in" вакцинасының 2 000 дозасы келді", - деді Асхан Байдуәлиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде өңірде 25 егу пункті жұмыс істейді: Атырау қаласында-15,  аудандарда -8, Теңіз кен орнында-2, сондай-ақ 2 жылжымалы пункт бар.

Жақын арада Атырау қаласының ірі сауда орталықтарында да вакцинация пункттерін ашу жоспарлануда.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT