Атырау облысында бір тәулікте 310 адам Covid-19 жұқтырған

(0 Votes)

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 310 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 60 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 24 науқас, Индер ауданында - 8, Қызылқоға ауданында - 8, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 1 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 202 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 91 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 469 адам емделді. Қазір 8 614 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 179, екінші облыстық ауруханада – 181 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 62, кардиоорталықта - 93, т/ж ауруханасында - 86 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 355. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 433 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT