Атырау облысында 300-ге жуық медицина маманы жетіспейді

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, облыста тәжірбиелі дәрігер, анестезиолог - реаниматолог, акушер - гинеколог, инфекционист және эпидимиолог сынды 278 маман жетіспейді. ӨҚК-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте аймақ басшысы мәселенің шешімін айтты.

- Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Нақтырақ айтқанда, Ресейден Атырау өңіріне мамандар тарту жағын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, биыл оқу бітіретін жас мамандарды өңірге тарту үшін жұмыстар атқарылуда, - дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT